Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық қос боксшы туған жеріне келді (ФОТО)

Қызылордалық қос боксшы туған жеріне келді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Бүгін қызылордалықтар бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахметті салтанатты түрде күтіп алды.

Қорқыт ата əуежайына қос боксшының туыстары, жанкүйерлер, спортшылар, жаттықтырушылар жəне спорт саласының қызметкерлері жиналды.
"Шаршы алаңға шыққанда халқымның қолдауын сезіндім. Маған жанкүйер болған барша қазақстандықтарға, Сыр халқына алғыс білдіремін", - деді Қамшыбек.
Жақында ғана Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Əлем чемпионаты өткен болатын.
Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен 3-орынды иеленді.
Бұл сында Сыр спортшылары Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) қола жүлделерді еншіледі.

23 қыркүйек 2019 ж. 454 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области