Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Қайсар" футбол командасын қызылордалық жанкүйерлер қарсы алды (ФОТО)

"Қайсар" футбол командасын қызылордалық жанкүйерлер қарсы алды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалықтар Қорқыт ата атындағы халықаралық әуежайдан "Қайсар" командасын салтанатты түрде күтіп алды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Күтіп алу рәсімінде Наурызбай Сейтқалиұлы команданы жеңістерімен құттықтап, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.
Ал шешуші голды соққан Думан Нәрзілдаев бұл жеңістің Сыр елі үшін құт болып келуін тіледі. Сонымен қатар, сырбойылықтардың 20 жыл күткен жеңісі екенін, алдағы уақытта осы қарқынмен жалғастыратындарын айтты.
Еске сала кетейік, "Қайсар" командасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының кубогының ақтық кезеңінде Атырау командасымен кездесіп 2:1 есебімен жеңіске жетті.

07 қазан 2019 ж. 491 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области