Головкин жекпе-жектерден шеттетілді
Kyzylorda-news.kz. Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшы атаулының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым.
Еске сала кетейік, екі боксшы да жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілген. Эдди Хирннің айтуынша, Головкин қолынан жарақат алған көрінеді.