Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тағы бір қазақстандық ауыр атлет барлық атағынан айырылды

Тағы бір қазақстандық ауыр атлет барлық атағынан айырылды

Kyzylorda-news.kz.  Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми түрде қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2008-2016 жылдар аралығындағы нәтижелерін жойды, BAQ.KZ. 2016 жылдың жаз айында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) пен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Седовтың допинг-сынамасын қайта тексерген болатын. Үштөбе қаласының тумасының қанынан 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында "станозолол" препараты табылған. Осыдан соң спортшы 8 жылға спорттан шеттетілді (01.08.2016 – 01.08.2024). Өйткені, отандасымыз оның алдында 2006 жылы да допингпен ұсталып, 2 жылға жарыстардан тыс қалған болатын  (18.05.2006 – 18.05.2008).
Бірақ 2016 жылы Седовтың тек Пекин Олимпиадасындағы нәтижесін жойған еді. Ол кезде спортшы төртінші орын алған. Енді, міне, Седовтың өзге де атақтарынан айырып отыр. Седов 2009 жылғы әлем чемпионы, 2009 және 2016 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы, 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар, 2013 жылғы әлем чемпионаты мен 2014 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері атақтарынан да айырылатын болады.
05 желтоқсан 2019 ж. 322 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области