Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақ балуаны 7 жылдан кейін Олимпиада медалін алады

Қазақ балуаны 7 жылдан кейін Олимпиада медалін алады

Қазақ балуаны Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанбақ. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) күміс алған грузин спортшысы Давит Модзманашвилидің қанынан допинг табылғанын жариялады, деп хабарлайды massaget.kz.

Грузиялық спортшының допинг сынамасын қайта қарау кезінде қанынан туринабол табылған. ХОК талабы бойынша ол енді күміс жүлдесін қайтаруы тиіс.
Еркін күрестен 120 келіге дейінгі салмақта Давит Модзманашвили ширек финалда отандасымыз Дәулет Шабанбайды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Билял Маховты жеңген. Тек финалда өзбек Артур Таймазовқа жол берген еді.
Грузин балуаны финалға шыққандықтан Дәулет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созған. Алайда Билял Маховты жеңе алмаған.
Давиттің допинг пайдаланғаны анықталғандықтан, күміс жүлдені ресейлік спортшы алады. Ал Дәулет Шабанбай 7 жылдан кейін Олимпиаданың қола жүлдегері атанбақ. ХОК бұл туралы жақын күндері ресми түрде хабарлайтын болады.
Давит Модзманашвили 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында да 3-орын алған. Ал 2017 жылдан бастап Өзбекстан елінің атынан жарыстарға 125 келіге дейінгі салмақта қатыса бастады. 2018 жылы көрші елдің туы астында Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
32 жастағы балуан қазіргі таңда жарыстардан уақытша шеттетілді. Допингке қатысты нақты шешім кейінірек жарияланатын болады.
Дәулет Шабанбай - Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері (Оңтүстік Корея – 2008, Таиланд – 2009, Ташкент – 2011, Астана - 2014). "Циолковский мемориалы" халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Польша, 2012 ж.), Гран-При жүлдегері (Германия 2013), "Тахти кубогы" халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (Иран, 2014), Азия ойындарының күміс жүлдегері (Оңтүстік Корея, 2014). Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Айта кетейік, ХОК 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы спортшылардың допинг сынамасын қайта қарап келеді. Осының нәтижесінде бұл құрсауға іліккен қазақстандық спортшылар аз емес. Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подебедова (ауыр атлетика) алтын медальдарын кері қайтарды. Таймураз Тигиев (еркін күрес) пен Ирина Некрасова (ауыр атлетика) да допингпен ұсталып, күміс медальдарымен қош айтысты. Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі) пен Мария Грабовецкая (ауыр атлетика) да қола жүлделерінен қол үзді.
Кей спортшыларымыз араға жылдар салып Олимпиада жүлдесін алуда. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді. Негізінен жарыста 4-орын алған болатын. Ал аспан асты елінде қола алған балуан Нұрбақыт Теңізбаев қоласын күміске алмастырды. Ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова болса 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері болды.

21 қаңтар 2019 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области