АЗИАДА-2018: НҰРМАХАН ТІНӘЛИЕВ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен аса ауыр салмақта белдескен Нұрмахан Тінәлиев финалда өзбекстандық Момынжан Абдуллаевқа есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Белдесу 8:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Отандасымыз ширек финалда - Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан басым түскен болатын. Осы орайда айта кетейік, Нұрмахан Тінәлиев 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен үш балуанымыз қола медаль жеңіп алған болатын.