Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың соңғы екі күнінде бозкілемге еркін күрес балуандары күш сынасып, 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Өкінішке қарай, қазақстандық еркін күрес балуандарына Азия чемпионатының бас жүлдесі бұйырмады. Екі балуанымыз финалдық бәсекеде белдескенімен, қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Атап айтсақ, 61 келідегі Талғат Сырбаз алтын медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық балуаннан 4:6 есебімен жеңіліп қалса, 97 келідегі Серік Бақытжанов ирандық қарсыласынан 1:6 есебімен ұтылды.
Қола медаль Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Ерғали Әлішер (92 келі), Омар Эюбов (125 келі) сынды балуандардың еншісінде.
Командалық есепте Иран, Үндістан және Өзбекстан құрамалары үздік үштікті құрады. Жапония - төртінші орында. Қазақстан балуандары бесінші орынға табан тіреді.
Осылайша, еліміздің жас балуандары Азия чемпионатында барлығы 3 алтын, 2 күміс, 11 қола медальға ие болды. Оның 2 алтын, 5 қола медалін грек-рим күресінің балуандары қоржынымызға салса, қыздарымыздың еншісінде 1 алтын, 3 қола медаль бар.

23 шілде 2018 ж. 782 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области