Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Энергетиктер доп тепті

Энергетиктер доп тепті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар–жасөспірімдер мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне және Энергетиктер күніне арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Оған аймақтағы энергетика саласындағы құрылымдарда жасақталған 13 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорындысымен "КЕГОК" АҚ командасы турнир жеңімпазы атанса, жүлделі екінші және үшінші орындарды "Қызылорда жарығы" ЖШС және "Гежуба Шиелі Цемент" ЖШС кәсіпорындарының командалары бөлісті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ үздік деп танылған ойыншыларға  номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырылды.
18 желтоқсан 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области