Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды

«Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорданың «Қайсар» командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында Түркияға аттанды.Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өткізіледі. Қызылордалық клуб 3-23 қаңтар аралығында Анталияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластар анықталуда.
«Қайсар» командасы әзірге кеткен және жаңа ойыншылар жөнінде ешқандай мәлімет берген жоқ. Дегенмен ақпарат көздерінде Джон Джошуа, Тигран Барсегян сынды футболшылар өзге клубтарға ауысатыны жөнінде хабарлады. Ал қорғаушы Александр Марочкин енді Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғайтыны белгілі болып отыр.
2019 жылы «Қайсар» Қазақстан кубогына қол жеткізді. Нәтижесінде биыл тұсаукесер ойынын Еуропа лигасы екінші кезеңінен бастайды. Сондықтан алдағы маусымға дайындықты тиянақты жүргізуді көздеп отыр.
05 қаңтар 2020 ж. 375 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области