Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Kyzylorda-news.kz. Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлем чемпинаты элиталық сатысы топтық кезеңіндегі соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы Чехияны жеңді. Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан ойын тізгінін қола алды. Нәтижесінде небәрі төрт минут ішінде қарсылас қақпасына үш голғып үлгерді. Алғашқы екі голды 3 және 4-минуттарда Дуглас Жуниор соқса, сол 4-минутта Тайнан есепті үстемелей түсті. Ал екінші кезеңнің 23-минутында Дуглас Жуниор хет-трик жасады. Ойынның 36-минутында чехтар бір гол соқты. Қазақстандық ойыншы Тайнан 38-минутта бос қақпаға гол соғып кетті. Ойынның бітуіне 28-секунд қалғанда чехтар тағы бір мәрте мергендік танытты. Кездесуде Қазақстан Чехияны 5:2 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алып отыр.
Әлем чемпионаты элиталық сатысы топтық кезеңінде бірінші орын алған Португалия, Испания, Ресей құрамалары финалдық сатысына тікелей жолдама алған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 қыркүйек - 4 қазан аралығында Литвада өтеді. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топта жеңімпаз атанған төрт құрама турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал өз тобында екінші орын алған төрт құрама қосымша екі жолдаманы сарапқа салады. Мұндай мүмкіндікке Финляндия, Сербия, Хорватия және Чехия құрамалары ие болып отыр.
06 ақпан 2020 ж. 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области