Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИЛЬЯ ИЛЬИННІҢ БҰРЫНҒЫ ЖАРЫ АЗИАДАДА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕҢІС АЛЫП КЕЛДІ

ИЛЬЯ ИЛЬИННІҢ БҰРЫНҒЫ ЖАРЫ АЗИАДАДА ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕҢІС АЛЫП КЕЛДІ


Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азиада-2018 жарысында қазақстандық спортшылар өнер көрсете бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойында екі жеңіске жетті. Бірінші Үндістан құрамасын - 36:19 есебімен ұтты, ал Қытай құрамасын - 27:26 есебімен жеңді. Қытайлармен өткен ойында ысқырық шалынғанға дейін екі секунд қалғанда Наталья Ильина (Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің бұрынғы жары) гол салып кетті.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орында келеді, бірінші орында - Оңтүстік Корея құрамасы (қосымша көрсеткіштер бойынша). Ары қарай Қытай, КХДР және Үндістан - олар әзірге ұпай жинаған жоқ. Жартылай финалға шығу үшін бірінші не екінші орынды алу керек.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002 және 2006 жылы Азиада ойындарында күміс медаль, ал 2014 жылы қола медальды иеленген.
Илья мен Наталья Ильиндер 12 жыл бірге тұрған. Спортшылар 2017 жылы айырылысып кетті. Олардың ортақ қызы бар. Наталья - талай мәрте гандболдан Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет әлем біріншілігіне қатысты.
18 тамыз 2018 ж. 696 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области