ГРУЗИЯДА ӨТКЕН КУБОКТА ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Грузияда өткен «Даму кубогының» соңғы матчында Румыниядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кездесу Тбилиси қаласындағы Давид Петриашвили атындағы стадионда өтті. Біздің қыздар Румыния құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Дубль авторы - шабуылшы Татьяна Герасимова», - делінген Қазақстан футбол федерациясының сайтында.
Қазақстан құрамасы «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде екі ойында жеңіске жетіп, екінші орынды иеленді.
Румыния U-17 - Қазақстан U-17 - 0:2 (0:0)
Голдар: Герасимова 60, 70.
Қазақстан құрамасы U-17: Оразбекова, Исмаилова, Бурова, Көпжанова, Иванова, Кенжетай, Садықова (к), Ташмет, Айтымбетова (Герасимова 36), Артықбай, Махаматова (Шалмұқанбетова 25, Мұқашова 79).
Бас бапкер – Орынбасар Дәуренбекова.