Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық зілтемірші Өзбекстандағы чемпионатта бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық зілтемірші Өзбекстандағы чемпионатта бас жүлдеге ие болды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Ташкентте топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24».Ол Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Халықаралық бірлік чемпионатында көзге түсті. 61 келі салмақта сынға түскен Сон жұлқа көтеруде 130 келіні таза орындады. Ал серпе көтеруде 156 келіні бағындырып, бабында екенін байқатты. Қоссайыста 286 ұпай жинаған Қазақстан ауыр атлет бас жүлдені еншіледі. Күміс пен қола Малайзия және Түрікменстан спортшыларына бұйырды. Бұл сайысқа еліміздің атынан Соннан бөлек тағы 3 атлет қатысады. Енді жарыс жолына Раушан Мешітханова, Ибрагим Берсанов және Илья Ильин шығады.
10 ақпан 2020 ж. 308 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области