Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ГОЛОВКИН СОҢҒЫ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ҮЗДІК БОКСШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ

ГОЛОВКИН СОҢҒЫ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ҮЗДІК БОКСШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ

Америкалық рэп орындаушысы және бокстың жанкүйері Глассес Мэлони қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) тарихта алатын орнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы 25 жыл ішіндегі орта салмақтағы боксшылардың ТОП-5 тізімі: Рой Джонс, Бернард Хопкинс, Геннадий Головкин, Джермейн Тейлор, Серхио Мартинес», - деп жазды Мэлони Твиттер парақшасында.
Сондай-ақ, ол Головкинді үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионымен салыстырып: «GGG - қазіргі заманның Майк Маккалумы»,- деді.
Еске салайық, Геннадий Головкин IBF, WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болған еді. Алғашқы титулын міндетті қорғаныстан бас тартқаннан кейін Халықаралық бокс федерациясы алып алса, қалған үш титулынан боксшы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өткен рематчта айырылып қалды.



29 қыркүйек 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области