Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған ұлттық ат спорты ойындары қалалық ипподромда өтті. Бәйгеге еліміздің 9 облысынан 100-дей шабандоз жүйріктерін үкілеп-баптап әкеліпті.
Бәйге десе делебесі қозатын халықтың ұрпағы емеспіз бе, осы күні халық ипподромға қарай ағылды.
Жүйріктер бәйге жолына шықпас бұрын Жаңақорған аудандық ат спорты мектебінің атқұмар шәкірттері өнер көрсетті. Шауып келе жатып теңге алу, жамбы ату және қыз қуу секілді ұлттық ойындарды көрермен қауым қызыға тамашалады. Айта кетейік, аталған аудандағы ат спорты мектебіне аймақтық «Рухнаи жаңғыру» орталығының бастамасымен, облыс әкімінің қолдаумен 8 жүйрік ат әпірілген.
Ұлттық ат спорты ойындары түрлерінен тай, құнан, топ және аламан бәйге ұйымдастырылды.
Тұлпардың тұяғының даусы естілсе делебесі қозатын көрермендер алдымен тай бәйгесін тамашалады. Құнан және топ бәйгеде қиқу қосқан жұртшылық аламанды асыға күткенді.
Аламан бәйгенің орны қашанда бөлек. Бас жүлде – 8 млн. теңге! Бұл шабандоз балалардың жауапкершілігін еселей түскендей. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші, 31 шақырымдық жарыс жолына 24 жүйрік қосылды. 15 айналымнан тұратын жарыс жолында алғашқы айналымда-ақ өзгелерден оқ бойы озып шыққан жамбылдық Дамир Саймасайдың "Аспарханы" 14 айналым бойы алдына қылқұйрық салмады. Осылайша, мəре сызығын жамбылдық жүйрік жеке-дара қиып өтті.
Тай бəйгеде алматылық шабандоз Бақыт Сəдуақастың "Хантəңірі", құнан бəйгеде Алматы облысынан Жұматай Ақжолдың "Нұрқасқасы", топ бəйгеде алматылық Бақыт Сəдуақастың "Көкдауылы" жүйріктерң бірінші болып келді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы берілді.
Мәселен, жеңімпаздарға – аламан бəйге - 8 млн. құнан, топ бəйгелер - 4 млн. тай бəйге - 800 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бұл бұрын-соңды болмаған жүлде қоры.
Осы күні ат бəйгесі қаламыздағы «Еуразия» кешенінде түйе палуандар сайысына жалғасты. Бұл сайысқа 24 палуан қатысып, жүлделі орындардың барлығы (1-3 орындар) жерлестеріміздің еншісінде болды.
Қазақстан Барысы Еламан Ерғалиев жарыс жеңімпазы атанып, 2 млн. 800 мың теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орынды Мақсат Исағабылов (800 мың), үшінші орынды Айбек Серікбаев (400 мың) еншіледі.




01 қазан 2018 ж. 1 030 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области