Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРБАМЕН БИЛЕУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АРБАМЕН БИЛЕУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Алматыдағы «Halyk Arena» көпфункционалды кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Чемпионатта 15 облыстан 100-ге жуық параспортшы бақ сынады. Ел біріншілігін тұңғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларының қауымдастығы өткізді.
  «Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні жақын арада белгілі болуы керек», - деді чемпионат төрешісі Алексей Верига.
  Оның айтуынша, біріншілікте озып шыққандар еліміз намысын әлем чемпионатында қорғайтын болады. Бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Танго, вальс, самба, румба, джайвтан өзара мықтылар анықталды. Бірінші жарыс күнінде комби стандарт, комби латина және дуо стандарттан жеңімпаздар белгілі болған еді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.







22 қазан 2018 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области