Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында адам денсаулығы, салауатты өмір салтын сақтау туралы жиі айтады. Елбасы тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту арқылы адам денсаулығын жақсарту үшін өңірлерде спорт кешендерін, ойын алаңдарын көбейту, сондай-ақ спортшыларға жағдай жасау жұмыстары қарқын алған болатын. Жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, ұлт саулығын жақсарту мақсатындағы жұмыстар бүгінгі күні де тиянақты жүргізілуде. Еліміздің болашағы сауатты, салауатты ұрпақтың қолында десек, өңірімізде спорт саласын арттыру назардан тыс қалған емес.
Соңғы жылдардың өзінде Қызылорда қаласында қала бойынша 67 спорттық ойын алаңдары салынса, биылғы жылы осы жұмыстардың жалғасы ретінде қала бойынша 22 спорттық-жаттығу алаңдары, 4 Стрит воркаут алаңдары, 6 Еуропалық стандартқа сай шағын футбол алаңдары демеушілер арқылы салынды. Сондай-ақ соңғы үлгідегі, заманауи талаптарға сай спорттық-жаттығу алаңында веложаттығу, кермеше, брусья, түрлі күштік жаттықтырғыш құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл бағытта бюджеттен және демеушілер есебінен 255 млн. теңге қаржы қаралған.
Биылғы жылы, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыру аясында қаламыздағы Титов және Астана мөлтек аудандарынан әмбебап спорт және балалар ойын алаңын салуды жоспарлауда.
Ағымдағы жылдың шілде айында, Байқоңыр қаласында өткен «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне» арналған VI облыстық халықтық спорт ойындарында қала спортшылары үздік нәтижеге қол жеткізген болатын. Кең көлемде өткізілген додада спорттың 12 түрі бойынша мыңнан аса адам сынға түсіп, Қызылорда қаласының спортшылары жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.
Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында бұқаралық спортпен қамтылған халық санын 30 пайызға жеткізуді тапсырса, спорт саласына жасалған қолдаулардың арқасында Қызылорда көрсеткіші 27,8 пайызға жетті.

01 қараша 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области