Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЖАРМА АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ

АҚЖАРМА АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз Жолдауында 2020 жылы елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді жүктегені белгілі.
Елбасы Жолдауынан туындайтын бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде биыл Сырдария ауданына облыстық бюджеттен 11,1 млн теңге бөлінген. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Қазантаев айтып берді.
Жоба аясында 22 штаттық негізде Тереңөзек кенті және 13 ауылдық елді мекенде 26 спорт нұсқаушылары 4000 мыңға жуық аудан тұрғындарын спортпен шұғылдандыруда. Айта кету керек, аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысушылар қатары артып келеді. Қазіргі күні 10 мың 630 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш барлық тұрғындардың 27,2 пайызын құрап отыр.
Нақты кезеңде ауданда 128 спорт нысандары жұмыс жасайды. Облыстық бюджеттің қаржысына Ақжарма ауылында спорт кешені салынды. Ғимарат таяу уақытта қолданысқа беріледі.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, осы жылдың жарты жылында 137 спорттық шара өтіп, оған 13 мың 140 аудан тұрғыны тартылды.
06 қыркүйек 2018 ж. 638 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области