Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионатында екінші орынға шықты

Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионатында екінші орынға шықты

Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы Әлем чемпионында Александра Аборнева өз тобында екінші орынға шықты, деп хабарлайды КазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
С тобында 87 килограмнан ауыр салмақ жарысына Қазақстаннан Айзада Мүптілда мен Александра Аборнева қатысты.
Жұлқи көтеруден Айзада екінші (108 кг), Александра үшінші (105 кг) нәтиже көрсетті. Серпе көтеруден Айзада 130 кг, ал Аборнева 135 кг зілтемірді бағындырды. Осылайша, Аборнева қорытынды есеп бойынша екінші (240 кг), ал Мүптілда төртінші (238 кг) орынға тұрақтады. С тобындағы жалпы есепте британиялық Эмили Джейд Кэмбелл 248 кг нәтижемен көшбасшы болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер арасында Арли Чонтей (55 кг) күміс, әйелдер арасында Надежда Лихачева (71 кг) қола медаль алған болатын. Зульфия Чиншанло (55 кг) бесінші нәтижемен шектелді.
Ашхабадтағы Әлем чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Жалпы, Қазақстан намысын биылғы додада 20 спортшы қорғап жүр.


11 қараша 2018 ж. 507 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области