Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатына қатысатын облыс құрамасы анықталды

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатына қатысатын облыс құрамасы анықталды

Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан облыстық жекелей чемпионат өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 80-ге жуық спортшы қатысып, ел чемпионатына қатысатын облыс құрамасы анықталды.
Жарыс нәтижесінде классика түрінен ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов жеңімпаз атанса, ІІ орынға Рауан Ыбрай, Бексайыр Айтмаханов ІІІ орындарға ие болды.
Қыздар арасында Ақерке Кенжебекованың мерейі үстем болып, І орынды қанжығасына байласа, ІІ орынды Ұлдана Махамбетамин иеленді. Ал ІІІ орынды Қызжібек Әбілда еншіледі.
Блиц түрі бойынша ерлер арасында Ермұхамед Әлайдарға тең келер ешкім болмады. Сайыстың бұл түрінде Асылбек Қаржаубаев күміс жүлдеге, Дамир Ахметов қола жүлдені иеленді. Ал, қыздар арасында Қызжібек Әбілда І орынды жеңіп алса, ІІ және ІІІ орынды Бекзат Әмір мен Ұлдана Махамбетамин өзара бөлісті.
Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусіновтің айтуынша, 21-27 қаңтар аралығында Ақтөбеде ерлер арасында, 14-20 ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында өтетін Қазақстан Республикасының командалық чемпионаттарында облыс спортшылары бақтарын сынайды.



15 қаңтар 2019 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области