Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» ресейлік командадан басым түсті

«Қайсар» ресейлік командадан басым түсті

Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Нижний Новгород» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш команда 2015 жылы құрылған. 2018 жылдың 28 маусымына дейін «Олимпиец» атауымен сынға түсті. Қазір Ресейдің бірінші лигасында ойнайды. Алғашқы айналымды бесінші орында аяқтады. Бапкері - Дмитрий Черышев есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2014-2015 жылдары Павлодардың «Ертіс» командасына бапкерлік жасады. Екі команда былтыр да Түркияда жолдастық кездесу өткізген еді. Бұл кездесуде ресейліктер «Қайсардан» 4:2 есебімен басым түсті.
Бүгінгі кездесу қызылордалық клуб бірінші кезеңде қақпаға Александр Григоренко, қорғанысқа Абдель Азиз Ламанж, Марин Оршулич, Иван Садовничий, Валентин Чуреевойнады. Сондай-ақ, жартылай қорғаныста Думан Нәрзілдаев, Бекзат Құрманбекұлы, Джон Джошуа, Мақсат Байжанов, Тигран Барсегян шықты. Шабуылда Братислав Пуношевац болды.
Ойын қызылордалық клуб үшін сәтті басталды. Кездесудің 11-минутында команда капитаны Мақсат Байжанов әріптесі Братислав Пуношевацқа әдемі пас берді. Оны серб шабуылшысы голға айналдыра білді. Арада бес минут өткенде серб футболшысы тағы да қанжығасын майлады. Оған Джон Джощуа пас шығарған еді.
Екінші кезеңде қақпаға Марсель Исламқұлов шықты. Қорғаныста Марин Оршуличтен басқасының барлығы ауысты. Олардың орнына Олжас Алтаев, Иван Граф, Ілияс Әмірсейітов шықты. Ал жартылай қорғаныста Асхат Тағыберген, Игорь Зенькович, Марк Гурман ойнаса шабуыл шебінде Куле Мвомбо, Шоқан Абзалов ойын көрсетті. Оған қоса қазір «Қайсардың» сынағында жүрген португал шабуылшысы Карлитос Оливейра қосылды. Екінші кезеңде ойын есебі өзгерген жоқ. «Қайсар» аталмыш қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Ресейдің «Крылья Советов» (Самара), Украинаның «Десна», Болгарияның «Царско Село», Грузияның «Вит», «Сабуртало», Түркіменстанның «Алтын Асыр» командаларымен шеберлік байқасады. Команда 22 ақпанға дейін Түркияда жаңа маусымға әзірлігін жүргізеді.

04 ақпан 2019 ж. 528 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области