Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Фируза Шәріпова келесі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпқой бокстан жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингісінде көш бастап, тағы бір чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанды.
Фируза Шәріпова ирландиялық Кэти Тэйлорды жеңсе, кезекті белбеуге қол жеткізеді. Жекпе-жектің өтетін күні мен орны кейінірек анықталады.
Қазіргі таңда Фируза Шәріпова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстремге қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазды sports.kz.
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы кәсіпқой бокстағы ең көне халықаралық қауымдастық саналады. Әр жылдары WBA тұжырымы бойынша Майк Тайсон, Мұхаммед Әли, Геннадий Головкин және тағы әлемдік бокс жұлдыздары чемпион болды.

15 ақпан 2019 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области