Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін кәсіпқой рингте 60 рет жұдырықтасқан мексикалыққа қарсы өткізеді

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін кәсіпқой рингте 60 рет жұдырықтасқан мексикалыққа қарсы өткізеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) өзінің жаңа қарсыласының есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олимпиада чемпионы келесі жекпе-жегін 15 наурызда Филадельфияда өткізеді. Негізінде оның қарсыласы мексикалық боксшы Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) болуы керек еді. Бірақ, уақыт өте келе ол 16 наурызда Канаданың Монреалында басқа қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) кездеседі екен. Осыған орай Елеусіновтің қарсыласы өзгерген. Ол да мексикалық боксшы. Бірақ ол Батыр Жүкембаевтың қарсыласына қарағанда әлдеқайда тәжірибелі.
БАҚ мәліметі бойынша, Елеусінов 36 жастағы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады. Ол кәсіпқой рингте 60 жекпе-жек өткізген. Бұл жекпе-жек 8 раундтан тұрады.
Еске салайық, Елеусінов былтыр қарашада Монакода өткен бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохикуды техникалық нокаутпен жеңген. Жекпе-жектің видеосын мына сілтеме арқылы көруге болады. Ол жекпе-жекте Елеусінов қарсыласын екінші раундта екі рет нокдаунға түсірген. Үшінші раундта никарагуалық тағы бір рет нокдаунға түсіп, осы раундтың 1:53 минуттында төреші жекпе-жекті тоқтатты.
27 жастағы Елеусінов кәсіпқой алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңспен аяқтаған. Оның үшеуі уақытынан бұрын аяқталған.

01 наурыз 2019 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области