Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІ ӨТЕТІН КҮН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІ ӨТЕТІН КҮН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі шамамен қай күні өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі жекпе-жек қазан айына жоспарланған», - деп жазды боксшы.
Еске сала кетейік, жерлесіміз 4 тамыз күні Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales аренасында өткен бокс кешінде мажарстандық Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген болатын. Төрешілер алты раундтың барлығында қазақстандық боксшының ұпайы саны басым болғанын көрсетті: 60-54. Дегенмен Данияр жекпе-жек қорытындысына көңілі толмай, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлағанын білдірген.
Содан кейін Елеусіновтің BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап, бірден 75 саты жоғарылады.

11 тамыз 2018 ж. 556 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области