Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Футбол ережелері өзгертілді

Футбол ережелері өзгертілді

Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі kaz.vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші өзгеріс қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшының қолы допқа білместіктен тиіп кетсе де, бұл ережелерді бұзу болып саналады.
Екіншіден, алмастырылған ойыншы алаңнан ең жақын қапталдағы сызық арқылы шығуы керек. Қазіргі уақытта футболшылар тек қосалқы ойыншылар отыратын орын жаққа қарай алмастыруға шығады.
Үшіншіден, шабуыл жасаушы команданың футболшыларына айып соққысын орындау кезінде қорғанушы команданың қорғаныс тізбегіне тұруға тыйым салынады. Бұл ретте олар өз "қабырғасын" тұрғыза алады.
Төртіншіден, 11 метрлік айып добын орындауға қатысты. Ендігіде голкипер қақпа сызығын міндетті түрде екі аяқпен емес, тек бір аяқпен ғана басуына болады.
Сондай-ақ, сары және қызыл қағаздар енді жағымсыз мінез-құлық және басқа да ереже бұзу үшін жаттықтырушыларға да көрсетіледі. Ал доп төрешіге тиген жағдайда даулы доп белгіленеді.
Өзгерістер 2019 жылы жазда күшіне енеді.

04 наурыз 2019 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области