Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ең қауіпсіз спорт түрлері

Ең қауіпсіз спорт түрлері

Халықаралық Олимпиада комитеті ең қауіпсіз, жарақат қаупі төмен спорт түрлері тізімін жасапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Каноэда есу
Каноэда есу – 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ең қауіпсіз спорт болып танылды. Бұл спортпен айналысатындар әдетте жарақаттың не екенін де білмей өтеді. Себебі спортшы қақтығыс, соққы дегеннен ада, тек ескекті еппен, жылдам есе білсе болғаны. Каноэ мен қатар академиялық есу, байдаркада есу, желкен спорттарында да жарақат қаупі төмен екен.

Суға секіру
Бұл спортта тек кәсіби дайындығың болса ғана жарақаттан аман қалуға болады. Себебі денені басқару, икеммен концентрация жасау ұзақ жаттығулардың нәтижесінде келеді.

Мәнерлеп жүзу
Мәнерлеп жүзу де ең бейбіт спорт түріне жатады. Командаластар жаттығу кезінде бір-біріне шамалы тиіп кетеді демесеңіз, негізінен жарақат ықтималдығы төмен.

Теннис
Өзге спорттағыдай теннисте де бұлшықет пен буынға артық салмақ салып, жарақат алып қалуға болады. Бірақ мінсіз физикалық дайындықпен жарақаттың алдын алуға болады, себебі теннисте артық қақтығыс, тайталас жоқ. Спортшының аңдығаны тек жасыл теннис добы ғана.

Семсерлесу
Семсерлесудің басты снаряды семсер бола тұра, бұл – қауіпсіз спорт. Себебі спортшылардың жабдығы денені 100% қорғайды. Дегенмен семсерлесуде қарсылас шабуылына жылдам тойтарыс беріп, оралымды, икемді болу түрлі ұсақ жарақаттың алдын алады.

Жүзу
2007 жылы АҚШ-тың спорттағы жарақаттарды зерттеу орталығының дерегі бойынша, жүзу спорты ең қауіпсіз спорт деп танылған еді. Расымен, жүзу – ең бекзат спорт. Техникасы дұрыс жүзгіштер егде тартқанға дейін спорттық мансабын жалғастыра береді. Мысалы әйгілі жүзгіш Майкл Фелпс 2000 жылы 15 жасында алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысқан, содан бері 19 жыл өтті, Фелпс әлі де спортта.
21 наурыз 2019 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области