Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Футбол: «Астана» Қызылордада «Қайсардан» сүрінді

Футбол: «Астана» Қызылордада «Қайсардан» сүрінді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетелік, кеше еліміздің төрт қаласында ойындар өткізілді. Онда «Ертіс» «Таразды» 2:0, «Тобыл» «Ақтөбені» 2:1, «Ордабасы» «Жетісуды» 1:0, «Қайрат» «Оқжетпесті» 4:1 есебімен жеңген еді.
Алғашқы кездесу Қызылорда қаласында өтті. Жергілікті «Қайсар» елордалық «Астананы» қабылдады. Қызылордалық клуб 2015 жылдың 25 сәуірінен бері аталмыш қарсыласын жеңе алмай келеді. Содан бері тоғыз ойын өтті. «Қайсар» азулы қарсыласының осал тұсын таппақ дал. Алаң иелері бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге жақын болды. Десе де, олар өз мақсатына жете алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Тағы бір өткен кездесуде де есеп ашылған жоқ. Өз қаласындағы алаңның дайын болмауы себепті қарсыластарын елордадағы «Астана-Арена» стадионында қабылдап жүрген «Атырау», бұл жолы Қарағандының «Шахтерімен» шеберлік байқасты. Екі команда бір-біріне гол соға алмады.
Бесінші тур ойындары 14 сәуір күнге жоспарланған. Онда «Шахтер» мен «Ертіс», «Тараз» бен «Қайсар», «Оқжетпес» пен «Тобыл», «Жетісу» мен «Қайрат», «Астана» мен «Ордабасы», «Ақтөбе» мен «Атырау» кездеседі.
08 сәуір 2019 ж. 515 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области