Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде эстетикалық гимнастикаға қаншалықты көңіл бөлініп жүр?

Елімізде эстетикалық гимнастикаға қаншалықты көңіл бөлініп жүр?

Эстетикалық гимнастика – еліміздегі ең жас спорт түрінің бірі.Соған қарамастан біздің спортшыларымыз әлемдік ареналарда олжа салып жүр. Жақында ғана Сингапурде өткен жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын 2 күміс 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Эстетикалық гимнастика – жалпы әлемде кенже дамыған спорт түрлерінің бірі. Көркем гимнастикаға ұқсас бұл спорттың өзіндік ерекшеліктері бар. Эстетикалық гимнастикада әртүрлі жастағы қыз балалар команда болып сайысады. Тіпті кілем үстіндегі синхронды би десек те болады. Мұнда сұлулық пен сымбаттылық, балет пен бидің үйлесімін көре аласыз. Команданың мықтылығы, ауызбіршілік пен әсем әуенге және әртістік қабілетке байланысты.
Елімізде тек 2017 жылы ғана тіркелген эстетикалық спорт қазір барлық өңірлерде дамып келеді. Спортшыларымыз шетелдік жарыстардан бос қайтып жүрген жоқ. Дегенмен көрер көзге әдемі спорт түрінің де қиындықтары бар. Қазір гимнасшылар жаттығатын жібі түзу зал жоқтың қасы. Және халықаралық турнирлерге баратын қаржыны да ата-аналар өздері көтеріп жүр.
«Құрамалық спорт түрі болғаннан кейін ата-аналар мен өзіміздің күшіміз арқылы шығып жатырмыз. Мемлекет тарапынан қолдау болса, гимнастиканың арнайы залдары болса, жақсы болар еді», - дейді Алматы эстетикалық гимнастика федерациясының өкілі Таңатар Асылханов.
Қазақстан құрамасы Сингапурде өткен әлем кубогы мен төрт құрлықтың жарысында Алматының «Кербезі» мен елордалық «Көркем» және Қызылорданың «Сейхуны» жеңіс тұғырынан көрінді.
«Болашақта біздің спортшылар бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімім мол. Қандай спорт түрі болмасын қажырлы еңбекті талап етеді. Ал менің шәкірттерім қандай қиындық болмасын мойыған емес. Ауызбіршіліктері де күшті. Алдағы Испанияда өтетін әлем чемпионатында да біздің гимнасшылар аянып қалмайды», дейді Алматы құрамасының жаттықтырушысы Заира Жақыпова.
Әлем кубогынан олжалы қайтқан алматылық аруларды әуежайдан туған туыстары мен жора-жолдастары құшақ жая қарсы қалды. Кіл мықтылардың арасынан оза шапқан қыздарымыздың қуанышында шек жоқ.
«Жарыс басталар кезде қатты толқығанымыз рас. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Қазақстанның көк туын желбірету үшін барынша тырыстық. Көрсеткен нәтижемізге ризамыз», - дейді жарыс жеңімпазы Жәмила Бағжан.
Енді сәуірдің 21-і мен 22-сі аралығында Алматыда эстетикалық гимнастикадан ел кубогы жолындағы жарыс өтеді. Одан кейін спортшыларымыз Испаниядағы әлем чемпионатына барады.
15 сәуір 2019 ж. 491 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области