Қызылордалық дзюдошылар Азия кубогынан 7 медаль иеленді
Kyzylorda-News.kz. Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия кубогында қызылордалық спортшылар 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жасөспірімдер арасында Тілеген Тынарбай (73 келі) алтын, Құндыз Жылқыбай (44 келі) күміс жүлделерді иеленді.
Ал 48 келіде Жанерке Асқарова жасөспірімдер мен жастар арасында да шеберлік байқасып, екі қола жүлделерге қол жеткізді.
Жастар арасында Арайлым Оразбай (78 келі) күміс, Нұрлыхан Шархан (100 келі) мен Аян Əмзе (70 келі) қола жүлделерді еншіледі.
Спортшыларды Қален Қалиұлы, Арман Молдаханов, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев жəне Тұрар Баймаханов сынды бапкерлер дайындаған.