Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШОШҚА ДЕП АЙТПАЙТЫН БОЛДЫМ

ШОШҚА ДЕП АЙТПАЙТЫН БОЛДЫМ

2006 жыл. Сәуірдің соңғы күндері болатын. Редакцияның тапсырмасымен Қармақшы ауда¬нының Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарына барып, Көшеней жыраудың көзін көрген, жырын тыңдаған ауылдастарының әңгі¬месін жинағаным бар.
Сол сапарда Ақжардан кейін Тұрмағамбет ауылына бардым. Шежірешіл қарт Запа Дәулет¬баев ақсақалдан, оның жақын інісі Қаппар деген кісіден Көшеней Рүстембеков, жырау Қуандық Бүрлібаев туралы қызықты әңгі¬мелер тыңдадым. Сапарда жи¬наған дүниелерді басылым бе¬тінде жариялап, жыраулық өнердің құты дарыған дара дарын туралы мақалалар сериясын ұсындық. Арнайылап іздеп шыққан жұмысыма тікелей қатысы болмаса да жүз жырау шыққан ауылда тұратын Майтан атты әжейдің мына бір әңгімесін жолжазба блокнотқа түсіріппін.
Майтан Маханбетова бүкіл саналы ғұмырын өскелең ұр¬пақтың тәрбиесіне арнаған жан. Ол ауыл¬дағы іргетасы өткен ғасырдың 1925 жылдары қалан¬ған №29 мектепте 40 жылға жуық ұс¬таз¬дық еткен. (Кезінде мұнда майдангер-ақын Ә.Егізбаев балаларға сабақ бер¬ген. Осы сауат ашу мектебінде атақты шайыр Т.Ізтілеуовтің өзі мұ¬ғалім болыпты деген ауызша дерек бар). Сол кезде сексен жастан асқан Майтан әжей¬ден есте қалған қы¬зықты бір оқиғаны айтып беруін өтіндім.
«Жастау кезіміз. Жұмыстан келген соң кешкілік сиыр сауып отырғанмын. Қарасан келгірдің малы тентектеу еді, теуіп жібергені.
Ашуланып: «Мал емес, шош¬қа екен¬сің!» - деп¬пін. Мұны жақын жерде жүрген отаға¬сы есітіп қой¬ыпты. Шалым Пірім¬жар жасынан мұсыл¬ман¬шылық жолын берік ұстаған молда адам еді. Кеңестік дәуірдің өзінде жұрттан жа¬сырып, күндіз тере¬зені қа¬раңғылап қой¬ып на¬маз оқитын. Дереу «тәйт!» деп тыйып тастады. Қа¬расам жү¬зі қатулы екен. Ұрысар деп ой¬лағанымша болған жоқ, ма¬ған қа¬рата:
- Си¬ырдың бас жібін ше¬шіп алып, сыртқа алып шық! - деп бұй-ырды. Жаз¬ған құлда шаршау бар ма, айтқанын екі ет¬пей орындадым. Си¬ыр¬¬ды жетекке ал¬ған мен алда, ол со¬ңы¬мызда, көшені жағалап, жеті үйді аралап шық¬тық. Сол жеті үйдегі ауыл¬дас¬тардан отаға¬сының бұйрығымен: «Мынау шошқа ма, әлде сиыр ма?» деп сұрап шықтым. Бұл іске таң-тамаша қалған көршілеріміз:
- Әрине, сиыр, сиыр ғой бұл, - деп жауап қатып жатты. Мұны қызық көрген ауыл¬дың бар баласы соңымызға еріп жүр. Сөйтіп көршілерден куәлік алып болған соң үйге оралдық. Сиыр¬ды үйреншікті орнына бай¬лап, сауып алдым. Осы оқиғадан соң өмірімде «шошқа» деген сөзді аузыма алған емеспін. Молда шалымның бұл тыйымы бүкіл ғұмырыма сабақ болды. Пірімжар молда әулие адам еді ғой, жа¬рықтық», - деп аяқтады әжей әңгімесін.
Біз осы күні дүкендер мен сауда үйлерінен «Халал ет», «Халал шұжық» деп адал асты іздеп жүріп аламыз. Халал стан¬дартын Оңтүстік Шығыс Азия¬дағы Малайзия мемлекеті тағамға ғана емес, білімге де, денсаулық саласына да, басқаға да баяғыда енгізіп қойыпты. Соның нәти¬жесінде бір кездері жолбарыс жортқан ну орманда тұратын малай халқы қазір әлемнің мықты дамып келе жатқан елде¬рінің бірінен саналады. Сол Ма¬лай¬зияның үлгісін енгіземіз деп жүрсек, мұсыл¬маншы¬лық¬тың жолын берік ұстанған кейбір аталарымыз оны бұрыннан өмір¬лік салтқа айналдырған екен деген ойға келдім.

Р.АРЫСТАНБАЙ

04 сәуір 2018 ж. 929 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области