Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕЛБЕУ СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ ТУРАЛЫ

БЕЛБЕУ СӨЗІНІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ ТУРАЛЫ


Музей – қазақ ұлтының рухани асыл дүниелерін жинақтап, өлкеміздің кешегісі мен келешегін жалғап отырған үлкен көпір іспеттес рухани-мәдени мекеме. Құнды жәдігерлер – халықтың тарихы, мәдениеті және өнерін қамтитын талай замандардың куәлары және халықтың сан ғасырлар бойындағы тірлік-тұрмысының айқын айғағы, әдет-ғұрыптардың тайға таңба басқандай іздері.
Музей қоры және экспозициясындағы этнографиялық жәдігерлерді зерттеп, оларға ғылыми сипаттама беру барысында, зерттеліп отырған заттың атауына еріксіз назар аударасыз. «Осы зат неге осылай аталды екен, халқымыз неге осылай атап кеткен екен?» деген ой сананы билеп алып, ой тұңғиығына алып кетері рас. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінен ақпар беретін этнографиялық жәдігерлер, оның ішінде әшекей бұйымдар атаулары біраз дүниені ашып, айтып берері анық.
Қазақ зергерлерінің ең көп жасайтын әшекейлерінің қатарына жататын жүзік, білезік, сақина туралы айтып өттік. Бүгін белбеу сөзінің шығу төркініне тоқталамыз.
Белбеу – белді буу үшін матадан не былғарыдан, қайыстан жасалаған белдік. Түбірі бел сөзі болып табылады. Бел – адам денесінің арқадан төмен, мықыннан жоғары жіңішке тұсы. Бау сөзі – киімге, әртүрлі заттардың ұшына байлау үшін ызылған ілмек баулық. Бел мен Бау сөздерінің бірігуінен жасалған біріккен сөз «белді буатын бау» дегенді білдіреді.
Белбау деген тағы да бір ұғым бар. Ол – киіз үйдің керегесін сыртынан бастыра тартып байлайтын ұзын арқан. Бұл да киіз үйдің белін, яғни кереге ортасын желден қорғау мақсатында байлайтын бау. Екі сөз де бір-бірімен мағыналас, омонимдер деуге толық негіз бар. Бірінші, зергерлік бұйым атауын білдіретін белбеу сөзі белбау сөзіне қарағанда тұрмыста жиі қолданылатындықтан, белбеу сөзінің бірінші нұсқасы белбаудың дыбыстық өзгерістерге ұшырап, яғни бел деген бірінші буынның жіңішке келіп, бау деген екінші буынның жуан жалғануы тілге кедергі жасауына байланысты бау сөзі беу болып жіңішкеленді.
Осылай белбеу сөзі пайда болды. Ал, киіз тігуге керекті арқан жіпті, яғни белбауды қазақ көшіп-қонған уақытта ғана пайдаланатындықтан, бұл сөз әдепкі нұсқасын сақтап қалғанға ұқсайды. Қазақ киімі детальдарының бірі – белбеу күнделікті тұрмыста жиі пайдаланып отырғандықтан, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, сөздің соңғы буыны алғашқы буынға ыңғайланып, жіңішкеріп кеткен.
/жалғасы бар/
Әйгерім БЕКҚҰЛИЕВА,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің
бөлім меңгерушісі
07 қыркүйек 2018 ж. 1 976 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области