Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛЕЗІК АТАУЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ

БІЛЕЗІК АТАУЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ


Музейдің қазақ ұлтының рухани асыл дүниелерін жинақтап, өлкеміздің кешегісі мен келешегін жалғап отырған рухани-мәдени мекеме екені баршаға мәлім. Құнды жәдігерлер – халықтың тарихы, мәдениеті және өнерін қамтитын талай замандардың куәлары және халықтың сан ғасырлар бойындағы тірлік-тұрмысының айқын айғағы, әдет-ғұрыптардың тайға таңба басқандай іздері.
Музей қоры және экспозициясындағы этнографиялық жәдігерлерді зерттеп, оларға ғылыми сипаттама беру барысында, зерттеліп отырған заттың атауына еріксіз назар аударасыз. «Осы зат неге осылай аталды екен, халқымыз неге осылай атап кеткен екен?» деген сауал сананы билеп алып, ой тұңғиығына алып кетері рас. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінен ақпар беретін этнографиялық жәдігерлер, оның ішінде әшекей бұйымдар атаулары біраз дүниені ашып, айтып берері анық.
Қазақ зергерлерінің ең көп жасайтын әшекейлерінің бірі – жүзік сөзінің этимологиясы туралы өткен жолы айттық. Бүгін назарларыңызға білезік сөзінің этимологиясын ұсынамыз.
Білезік – әйелдердің білекке салатын алтын, күмістен жасалған сәнді бұйымы. Білезік – білектің қол басына жалғасқан жері. Бұйымның Білезік аталуы сол әшекей тағылатын дене мүшенің атауымен үндес болуы да ықтимал.
Атаудың тағы бір нұсқасы барлығын назарларыңызға салғым келеді. Білезік сөзі білек пен жүзік сөздерінің кірігуі арқылы жасалуы мүмкін. Білек – қолдың басы мен шынтақ аралығы, жүзік – қолға салатын сақина. Сайып келгенде, «білекке тағылатын жүзік» деген мағынада «білекжүзік», кейіннен екі сөз кірігіп, халық арасында білезік атанып кеткен. Білезікті қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де қолға салады.

Әйгерім БЕКҚҰЛИЕВА,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің
бөлім меңгерушісі
05 қыркүйек 2018 ж. 2 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области