ҚОБЫЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Қызылордада тұңғыш рет қобыз бен қылқобызбен сүйемелдеп жыр орындаушылардың «Қорқыт. Қобыз» республикалық байқауы өтуде. Байқауға 17-55 жас аралығындағы Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент пен Қызылорда облыстарынан келген 17 қатысушы бақ сынаспақ.
Осыған орай қобыз туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
1. Қобыз және қылқобыз - қазақтың ұлттық музыкалық ішекті аспаптары.
2. Ежелде қобыздың ішегі жылқы қылынан немесе түйе сіңірінен жасалған. Осыған байланысты аспап атауы: қылқобыз (қыл – жылқы қылы), нарқобыз (нар – бір өркешті түйе) деп аталған. Ішегінің немесе шанағының тұтас жезден жасалатындығына байланысты кейінірек жезқобыз түрі пайда болған.
3. Қобыздың пішіні тұтастай шабыла отырып жасалады. Бұл адамзат тарихындағы музыкалық аспаптарды жасаудың ескі әдістерінің бірі.
4. Бастапқыда қобыз қазақ бақсы шамандарының қасиетті салт-жораларының құралы болған.
5. Аңызға сәйкес, қобызды түркі әлемінің рухани тәлімгері аңызға айналған Қорқыт Ата ойлап тапқан. Мәңгілік өмірді іздеп Қорқыт жолға шығып, бірақ өлімнен қашып құтыла алмай, Сырдарияның жағасында есімін сан ғасырға жеткізген музыкалық аспап жасап шығарды.
6. Бақсылар қобызының ішіне және бас жағына қозғалған кезде ерекше әсер беретін қоңыраулар, металл текшелер іліп қоятын болған.
7. Қарапайым адамдар қобызды тіпті ұстауға қорыққан. Себебі қобыз бақсының қолында ерекше қасиетке ие болып, аурудан емдеп, адам тағдырын өзгертіп, жын-періні қуады деп сенген.
8. Аспаптың өлшемі жылқы қылына (70см-ге дейін) байланысты. Қобыздың жалпы ұзындығы шамамен 60-70 см болады.
9. Нарқобыз екі есе үлкен, тиісінше, түйенің жуан сіңірінен жасалған қобыз көлемі мен ішегіне қарай төменгі регистрдегі үндерді шығарады.
10. Сарапшылардың айтуынша, 1960 жылдардың соңына қарай Қазақстанда халық орындаушылары Жақпас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев екеуі ғана қылқобызда ойнай алатын болған. Танымал композитор Еркеғали Рахмадиев Алматы консерваториясында қылқобыз класын ашуға шешім қабылдап, Жақпас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевты шақырып, бұл аспаптың ұмытылып кетуінен сақтап қалған.