Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ою-өрнек тәрбиенің қайнар көзі

Ою-өрнек тәрбиенің қайнар көзі


Қазақ халқының ежелгі өнерінің бір түрі – ою-өрнек. Ғалымдардың зерттеуінше, ұлтымыздың бұл өнері І-ІV ғасырда дамыған. Алғашқыда тасқа, ағашқа, сүйекке салынған таңба, белгілер уақыт өте келе бұйымдарға түсіріле бастаған. Ұлтымыздың қолөнер туындысы зергерлік, ісмерлік, шеберлік және халықтық түрге бөлінген. Ою-өрнектің топтасуы өсімдік тектес және мал денесі мен ізіне байланысты. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, түйе ою, жылқы ою, киік ою, қос мүйіз оюлар – космогендік ою-өрнекке жатады. Ай, күн, жұлдыз, жарты ай, кемпірқосақ тәрізді ою-өрнектер – көк әлеміне, сонымен қатар дөңгелек, ромб, сүйір, шеңбер ою-өрнек – геометриялық түріне сай келеді. Жапырақ, бүршік, гүл, су, құс қанаты, құс тұмсық, қаз мойын сияқты ою-өрнектерді Табиғат-Ана тудырған. Мысалы, «қошқар мүйізді» ұлттық бұйымдарды өрнектеуге қолданады. Өйткені, қазақтың қоңыр тіршілігі қашан да мал шаруашылығымен өзектес. «Құс қанаты» құстар әлемінен хабар береді. Оны көбіне киіз үйдің ішкі бауы мен тұскиізді өрнектегенде пайдаланады. Бүгінде айтулы өрнекті қыз жасауының махаббат көрпесіне де жапсырып жүр. Ол – еркіндіктің, арманның белгісіндей. Ою-өрнекте түстердің де айтарлықтай маңызы бар. Ақ түс – адалдықты, қызыл түс – шапағатты, көгілдір түс – бейбітшілікті айқындаса, көк түс – молшылық пен ырыс-несібені айшықтайды. Ою-өрнекте адам мен табиғат арасындағы тылсым мен ұлы сезімді жалғаса, ертеде ұзатылған қыздарына аналары кестелі орамалға ою-өрнек салып, сыр бөліскен. Қазақ халқының ою-өрнегі эстетикалық талғам мен тәрбиенің қайнар көзі.
21 қараша 2018 ж. 1 996 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области