Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РОДЖЕР БИЛХЭМ: 2018 ЖЫЛЫ ЖЕРДІҢ СІЛКІНУІ ЖИІЛЕЙ ТҮСЕДІ

РОДЖЕР БИЛХЭМ: 2018 ЖЫЛЫ ЖЕРДІҢ СІЛКІНУІ ЖИІЛЕЙ ТҮСЕДІ


         2018 жылы жойқын жер сілкіністерінің саны 1,5-2 есеге артуы мүмкін. Gazeta.ru порталы ғалымдардың мұндай болжам жасауға не түрткі болғанын анықтап көрді. 2018 жыл бастала салысымен Жер бетінде жер сілкіністерінің саны екі есеге өседі. Боулдердегі Колорадо университетінің геофизигі Роджер Билхэм осындай болжамға келді. Мұндай болжамға келмес бұрын ғалым 1900 жылдан бергі магнитудасы 7 баллдан жоғары болған жер сілкінісінің статистикасымен толық танысып шыққан, деп хабарлайды http://alashainasy.kz/.
         Бірнеше жылғы бақылау барысында шыққан қорытынды – Жер айналысының жылдамдығы ішкі күштерге байланысты төмендеген жағдайда жер сілкінісі жиілейтін болады.
       XX ғасырда жер сілкінісі артқан 5 кезең анықталды. «Бұл кезеңдерде жылына 25-30 алапат жер сілкінісі болған. Қалған уақытта 15 ірі жер сілкінісі орын алды», - деді Guardian ғалымы.
      Күн мен айдың айналысы артқан сайын Жердің тежелетіні анық. Алайда Жердің айналысын тежейтін немесе жеделдетін ішкі күштер де болады.
       Жер баяулату фазасына 4 жыл бұрын кіргендіктен, келесі жылы ғаламшарды сейсмикалық белсенділіктің артуы күтілуде. «Gazeta.ru» болжам авторы Роджер Бидхэммен сөйлесті.  
         Оның айтуынша, Жер айналысы мен жер сілкінісің жиілігі арасындағы байланыс жүз жылдық кестеде анық көрінеді.
         «Жасыл түс экстремалды құндылықтар жойылған жер сілкіністерінің орташа бес жылын көрсетеді. Кейбір жылдары дүмпулердің саны 26-ға жеткен, кейбірі 6-ға дейін түскен. Үстіміздегі жылы Жерде магнитудасы 7 баллдан жоғары алты жер сілкінісі тіркелген», - деді Билхэм.
        Ғаламшардың сейсмикалық құбылысы мен Жер айналысының арасындағы байланысты алғашқы болып анықтаған Билхэм емес. «Мақала дайындау барысында екі доктор Левин мен Сасарова да осы мәселе турасында ұзақ жылдар жұмыс істеген», - деді сейсмолог.
       Бүгінгі таңда 2014 жылдан бері қарай Жер жаңа тежеу заңына еніп, магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісін ұстап тұр.
       Ғалымдар болжамдарының қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізу үшін көп уақыт қалған жоқ дейді. Магнитудасы 7 баллға жеткен соңғы ірі жер сілкінісі Иран мен Ирак шекарасында орын алған. Жүздеген адамның өмірі қиылып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Кейін Тынық мұхиты аумағында 7,3 баллды жер сілкінісі болды.

28 қараша 2017 ж. 883 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области