Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: кеше, бүгін, ертең

Қызылорда: кеше, бүгін, ертең

Көне тарихқа, даланың шыншыл шежіресіне көз жүгіртсек Сыр бойы осынау алып атырапта төрт астана шеруін басынан өткеріп, береке-бірлігі бұзылмаған ұйтқылы жұрттың Ұлы ордасы болған, жойқын дария алабын байтаққа айналдырған өлке. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Тарих парағында жылжыған жылдар, қойнауы ғажайыпқа толы ғасырлар келмеске кеткен кешегі күннің куәсы.
«Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» - деген. Осынау екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда қаласы туралы құнды деректердің, сарғайған суреттер мен құжаттардың тарихына тереңнен бойлауға мүмкіндік беретін, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейтін киелі шаңырақ Сырдария өзенінің сол жағалауында "Қызылорда қаласының тарихы" музейі ел игілігіне берілді.
Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманын тоғыстырған, қасиеті қымбат, топырағы текті Сыр өлкесіндегі дүбірлі жаңалыққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы арнайы келіп, «Рухани жаңғыру орталығы» жұмысымен танысып, Қазақ АКСР-нің астанасы болған Қызылорда қаласындағы бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізінде қайта жаңғырған «Қызылорда қаласының тарихы» музейі экспозициясын аралады.
1925 жылы «қазақ» деген тарихи атауды қайтару туралы қаулы қабылданған, Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманы орындалған нысан Қала тарихы музейі болып қайта тыныстады. Бұл – Ақмешітте халыққа қызмет еткен Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов секілді Алаш қайраткерлерінің ұлт алдындағы еңбегіне құрмет іспетті.
Бүгінгі және ертеңгі күннің игілігіне айналар қала тарихы музейі экспозициясында Ақмешіт бекінісінің салынуы, Перовск қаласының тарихы, Қоқан, Хиуа, Ресей билігі тұсындағы Сыр өңірі қазақтарының әлеуметтік және экономикалық жағдайы, "Алаш" партиясының құрылуы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-нің астанасы болуы, кеңестік билік жүйесіндегі жаңа реформалар, қызылордалықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі, соғыстан кейінгі қаланың қоғамдық-саяси өмірі және өнеркәсіптің дамуы, қазақ елінің тәуелсіз ел болуы, егемен еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы, еліміздің кол жеткізген жетістіктері, әлемдік қауымдастықтағы беделі, тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалады. Қазіргі таңда музей экспозициясына 1000 жуық экспонаттар орналастырылған.
Қиын-қыстау күндерде ұлтқа пана, өзегі талған өзгеге сая болған өркенді өңірдің терең тарихынан сыр шертетін «Қызылорда қаласының тарихы музейі» Алаш қайраткерлерінің ұлт алдындағы еңбегіне құрмет, уақыт шеруіндегі сабақтастық, рухани жалғасу болмақ.

Алтын Карбозова,
Қызылорда қаланың тарихы музейінің қызметкері
17 сәуір 2019 ж. 12 859 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области