Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлы Дала тарихы ұрпақ санасында

Ұлы Дала тарихы ұрпақ санасында


«Өткенсіз келешек жоқ» дейді халық даналығы. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Әрбір атқан таң мен күн тарих бетінде таңбаланып, келешек ұрпақтың еншісіне тиері анық. Ендеше, тәуелсіздік алған жылдардағы төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеу, тарихи ақтаңдақтарды ақтап алу, олардың есімдерін жаңғырту халқымыздың тарихи сана сезіміне ерекше серпіліс, дүмпу берсе, жаңа мыңжылдықтардың басындағы Елбасы бастамасымен жүзеге асқан жас мемлекетіміздің елдігін күллі әлемге танытқан «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық тарихымызды жинақтап, өткенімізді сараптауға мүмкіндік бергені белгілі.
Ал, Елбасының күні кешегі «Ұлы даланың жеті қыры» атты сараптамалық мақаласы «Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы, бір бөлігі іспетті. Ұлт рухын көтеретін, халқымызды тың ойларға жетелейтін, еліміздің тарихи дәрежесін, тарихи мәдениетінің дәрежесін бүкіл әлемге паш ететін бұл мақала екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде Ұлы дала төсінде пайда болған еліміздің материалдық мәдениеті, сондай-ақ, көшпенділер өркениетінің бір ошағы болғандығымыз, ата-бабамыздың ешбір халыққа ұқсамайтын өркениет қалыптастырғаны туралы сөз қозғалса, келесі бөлімде Елбасы халқын алдағы уақытта нақты да ауқымды идеяларды жүзеге асыруға шақырады. Мақаланың аты айтып тұрғандай Ұлы даланың жеті қырын айқындап, алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Еліміздің ежелгі, ерте ортағасырлық кезеңіне ерекше тоқталып, табиғи байлығына ерекше мән бере отырып, төл тарихымызды бағалап, бағамдап жаңғыртуға, құрметпен қарауға, зерделеуге арналған 6 түрлі міндетті жүктейді.
Елбасымыздың өткен жылғы байламы жоғары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрген күннен бастап, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бастаманы қолға алып жұмыс жасауда. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасына байланысты Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындары тізіміне облыс бойынша 12 тарихи орын, өңірлік қасиетті орындар тізіміне 35 қасиетті нысан енгізіліп, аталмыш нысандарды қамтитын «Қасиетті Қазақстан және Археология» залы қайта жаңғырды, сондай-ақ, «Музей мамандары мен өлкетанушыларының облыстық I форуымы» ұйымдастырылды. Жаһандық әлемге Қазақстанның барлық мәдени игіліктерін ауқымды ұсыну үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы шеңберінде музей қорын электронды форматқа көшіру жұмыстары қолға алынып, бүгінгі күні Ұлттық музей қорының (дерекқорға) электронды каталогына облыс музейлері бойынша құнды экспонаттар енгізіліп отыр.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында оқу білім беру мекемелерінің ынталы жастарын ғылымға баулу мақсатында «Жас өлкетанушылар» үйірмесі құрылып жұмыс жасауда. Ортағасырлық қалалар мен киелі Түркістан, ежелгі Отырар қалаларына экскурсиялық саяхаттар, сондай-ақ, «Қасиетті Қазақстан» атты телеэкспедициялар ұйымдастырылып келеді. Музей қорындағы ежелгі заманнан бергі ортағасырлық көне жәдігерлер мен осы күнге дейінгі тарихи-мәдени жазба мұралардың тарихын насихаттау мақсатында «Бір жәдігер» жобасы аясында жұмыстар жасалуда.

Жалпы, Сыр өңірінің игі жұмыстарының бірі болып табылатын, Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт Ата мемориалдық кешенін әлемге таныту, әлемдік деңгейдегі туристік нысанға айналдыру үшін және Сыр еліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға Түркі өркениетін кеңінен насихаттау мақсатында көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай қайта жаңғырту жұмыстары (реконструкция) жүргізілді.
Осындай игі жұмыстардың жалғасы ретінде Көркемсурет галереясы жанынан бейнелеу өнерін оқушыларға үйрету мақсатында ашылған балалар бейнелеу студиясы (изостудия), жергілікті қылқалам және қолөнер шеберлерінің шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін шеберхана қазіргі таңда өз жемісін беруде. Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, шашауы шықпай жеткен жауҺарлы жәдігерлеріміз сақталған Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы облыс әкімінің қолдауымен модернизациялау бағыттары арқылы реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, заманауи үлгіде жасақталып, жаңартылды.
Қазақта: «Бағалай білгенге бақ қонады, қуана білгенге құт қонады» - деген жақсы сөз бар. Ұлы дала тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы ұлттық сана мен ұлтжандылықты Қазақстан халқының бойына дарыта береміз. Осы бағытта Елбасы көрсетіп отырған биік мақсаттарға жету үшін алдағы күндерге үлкен жоспарлар белгіленіп, жұмыстар жүргізілетін болады.

Бақыткүл БЕКМАМБЕТ,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.
26 қараша 2018 ж. 929 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области