Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР БОЙЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛА

СЫР БОЙЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚАЛА


Профессор С.П.Толстов Жент қаласы туралы мынадай тарихи сипаттама берген: «Дженд-центр обширного района, густо заселенного в ХІІ-ХІІІ веках. Следы средневековой ирригации, усадеб, укреплений тянутся отсюда километров на 40-50 к востоку, вдоль южного берега Жанадарии почти до края современной, прилегающей к Сырдарье культурной полосы. В этом большом культурном оазисе Джан кала (Дженд) самый крупный и наиболее интересный памятник.
Дженд упоминается многими средневековыми авторами; значение его с ХІ века до монгольского нашествия было так велико, что даже Аральское море иногда называли «Джендским...»
Қаланың жалпы көлемі 40 гектарды құрайды. Қала қирандыларының мерзімделуін әр ғасырларға жатқызуға болады. Мұнда әсіресе, көзге түсетіні қарақалпақ тұрақтарының қалдықтары: жертөлелердің және киіз үй, мал қоралардың іздері айқын байқалады. Қаланың солтүстігін су жүрген арық-канал кесіп өтсе, оның солтүстік –батыс бойында Хиуа ханы Жаңғазы ХҮІІ ғасырда қарақалпақтарға салдыртқан ғимараттар, мұнара мен қам кірпішті қабырғаларының жұрағаттары сақталған. Қаланың орталық бөлігіндегі цитадель мен оның маңындағы күзет мұнарасы, қаланың сыртынан терең етіп қазылған ормен айнала қоршалған қорған-дуалдар да кейінгі ғасырлармен (ХҮІ-ХҮІІ) мерзімделеді.
Цитадельдің (қала әміршісі тұратын қаланың орталық бөлігі) ғимараты қам кесектерден қаланып, ортасынан жүргізілген дәлізбен екі бөлікке бөлінген, оның әрқайсысы 8-10 бөлмеден тұрады. Күзет мұнарасының пішіні сегізқырлы болып келген, сабан қосып иленген қам кесектерден (пахса) қаланған. Биіктігі шамамен 7 метрдей. Қабырға-дуалдың пішіні дұрыс емес төртбұрышты болып келген. Онымен қоршалған қаланың жарты бөлігі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа дейін созылып жатыр. Өлшемі 600х500 метр. Қаланың бас қақпасы оңтүстік-батыста болғанға ұқсайды. Қаланың оңтүстік-шығыс бұрышында 28х28х4,5 см. Болатын қыштан соғылған үлкен ғимарат тұр. Оның өлшемі 20х30 метр.
Көптеген ғимараттардың құландылары қаланың орталық бөлігін кесіп өткен үлкен бір каналға жапсарлас салынған және қазіргі уақытта үстіне керамика сынықтары шашылып, үйілген құм төбелер мен қабырғалардың қыштардан қаланып қираған тұғырлары күйінде жатыр.
Қаланың батыс жақ бөлігінде трапеция пішінді қоршауы бар бау-бақшалы кешен орналасқан. Оның ішінде қала әміршісінің сыртқы резиденциясы орналасқан сарайдың құландылары жатыр. Бұл ғимарат қам кесектерден төртбұрышты биік алаңшаның үстінде тұрғызылған. Қазіргі кезге дейін оның басқыштарының пішіні жақсы сақталған.
Ертедегі қаланың үстіңгі мәдени қабатынан бұрын тастан жасалған бұйымдар, моншақ, шыны сынықтары, мыс және күміс тиындар табылып, ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. және ХІІ-ХІҮ ғасырларға мерзімделген.
22 маусым 2018 ж. 977 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области