Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: АҚТАН БАТЫР КЕСЕНЕСІ

ҚАЗАЛЫ ЖАУҺАРЛАРЫ: АҚТАН БАТЫР КЕСЕНЕСІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңызы мен мәні айрықша. Себебі, дәл осы кезеңде ұлттық мүддемізді, рухани санамызды жаңғырту үшін керек-ақ. Бұл мақсатта ел көлемінде игілікті жобалар жүзеге асырылып жатқаны ақпарат құралдарында жиі жариялануда. Бұл Елбасының руханият саласы бойынша берілген тапсырмалары барлық өңірде орындалып жатқанын білдіреді.
Осы орайда Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қызықты мәліметтерді, яғни көне нысандар мен киелі орындар тарихын «Қазалы жауһарлары» айдарымен назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз.

Қазақ халқының тарихында айрықша атауға болатын қасиетті жердің бірі – Қазалы өңірі. Бұл өлкенің тамыры терең, тарихы кенен. Мұны ертедегі зерттуші-саяхатшылардың жазып қалдырған деректерінен де анық бағамдауға болады.
Біз сөз еткелі отырған Ақтан батыр кесенесі – Қазалы ауданы қазіргі Ақтан батыр аулында орналасқан архитектуралық ескерткіш.
Есепке алу үшін аудандағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, насихаттау және қалпына келтіруді ұйымдастыру комиссиясы 2003 жылы бастауыш құжаттарын дайындады.
Халқымыздың тәуелсіздігі жолында елін жаудан қорғаған жолбарыс жүрек батырлардың бірі – Ақтан Ақайұлы. Ақтан батыр 1770 жылы Қазалы ауданының Арықбалық аулына қарасты «Тілес арық» бойындағы «Түлкі қашқан» деген жерде туып, 1854 жылы 84 жасында қайтыс болған.
Бейіті Ақтөбе облысындағы Берсүгір бекетінен батысқа қарай 30-35 шақырым шамасында Мұғаджар тауының баурайында «Тебенсай» алқабында. Бұл жерді жергілікті халық «Ақтан жайлауы» деп атайды. Ақтан батырдың інісі Шортайдың да зираты сол маңда. Осы өңірде «Ақтан сайы», «Ақтанның аң жолы», «Ақтанның қыстауы, құдығы» дейтін жерлер де бар.
Біз бұдан Ақтан батырға деген халықтың қадір-құрметі мен сүйіспеншілігін аңғарамыз. Жергілікті халықтың бабамызды әулие санап, пір тұтып, әруағына сиынуы да сондықтан болса керек.
Ұланақтың (Қаракесектің) Жақау аталығынан шыққан батыр Ақтан Ақайұлы өз заманында Жанқожа батырдың досы, үзеңгілес жолдасы, қарулас серігі болған. Ақтан Жанқожадан бұрын туып, дүниеден алты жыл бұрын өткен.
Көнекөз қариялардың айтуынша, Жанқожа батыр жорыққа шығарда әрдайым Ақтанмен ақылдасып отырған. Халқын қорғау үшін бірі Сырда қалса, екіншісі Қырда жүрген. Бұған Ақтан батырдың Тесқала бекінісін, яғни Бабажанның қамалын алуы айқын дәлел.
Ақтан батырды есте қалдыру мақсатында 1997 жылы Ақтан бабаға ас беріліп, бұрынғы Қазалы ауданы 22-партсъезд атындағы кеңшарға Ақтан баба есімі беріліп, сапалы кірпіштен халықтың күшімен ауылда ескерткіш кесене салынды.
07 тамыз 2018 ж. 1 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области