Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ (КІТАП АТА)

ОҚШЫ АТА МАЗАРАТЫНДАҒЫ ЖЕТІ ӘУЛИЕ (КІТАП АТА)


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатынын, оны сол халықтың әрбір азаматы білетінін ерекше атап өтті.
Бұған қоса, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екенін назарға алды.
Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше екенін айттық. Бір ғажабы, бұл өлкеде 3 үлкен зиярат кешендері болған. Бүгінгі тілмен айтқанда пантеондар. Солардың бірі – Шиелі ауданындағы «Оқшы ата» мазараты. Тарихы тереңнен сыр шертетін киелі орындарында қазақтың әулиелері мен сөзге шешен би-датқалары мәңгілікке дамыл тапқан.
Мол себепті де оны жергілікті халық әулиелер ордасы деп те атайды. Кейбір тарихшы-ғалымдарымыздың «Оқшы ата» мазараты Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынып, сол жерге қазақтың белгілі тұлғаларын жерлей бастағанға дейінгі уақытта Сыр бойы халқының игі жақсыларын – көсемдері мен әулиелерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорым (пантеон) болды деген пікірінің жаны бар.
Белгілі шығыстанушы, түрколог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев атап көрсеткендей, ХІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ Темір салғанға дейін осы Оқшы Ата жері ежелгі Тұранның, оғыздар мен түркі қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген қорымы болған екен.
Сонымен «Оқшы ата» мазаратында 7 әулие байыз тапқан дедік. Олар – Оқшы ата, Асан ата, Ғайып (Қайып) ата, Қыш ата, Кітап ата, Қабыл ата және Есабыз әулие. Біз бұған дейін Оқшы ата, Асан ата, Ғайып ата және Қыш ата кесенесі туралы айтқанбыз. Енді Кітап ата туралы баян етеміз.
Ел Кітап ата деп атайтын әулие кісінің шын аты-жөні бізге беймәлім. XІ ғасырдан бергі кезеңде, яғни ислам діні Орта Азия мен Сыр бойына таралған кезде өмір сүрген деген болжам айтылады.
Өйткені, «кітап» араб сөзі, яғни есім арабша. Атамыз Құран кітабын ақтарған дін уағызшысы болуы да мүмкін. Бәлкім, өз дәуірінің жағдаяттарын қағаздың бетіне түсірген жылнамашы-шежіреші болған шығар. Бұл әлі зерттеуді қажет етеді.
Қалай десек те, болжам- жорамалдан басқа тілге тиек етер дерек жоқ.
Бірақ басына кесене тұрғызылғанына қарағанда өз дәуірінің қадірменді адамы болған. Мазары өте ескі.
21 қыркүйек 2018 ж. 1 267 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области