Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РӘБИЯ СҰЛТАН

РӘБИЯ СҰЛТАН


Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты білім алып өскен.
Рәбия Сұлтан бегім – Дешті-Қыпшақтың ханы болған үлкен Әбілхайыр ханның жары. «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» атты қысқаша анықтамалықта бұл жайлы толығырақ мағлұмат берілген: «1451 жылы Әмір Темірдің немересі Әбу Саид Самарқандты жаулап алғанда көрсеткен әскери көмегі үшін Әбілхайыр ханға Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан бегімді ұзатқан». Әбілхайыр хандығы тарихта «көшпенді өзбектер мемлекеті» деген атпен белгілі болған. Керей мен Жәнібек хандар осы Әбілхайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрған.
Рәбия Сұлтан Бегім Әбілхайырмен 16 жыл отасқан екен. Кейбір деректерде ол 1468 жылы қайтыс болған десе, енді бір деректер бойынша, Рәбия Сұлтан бегімнің өмір сүрген жылдары шамамен 1430-1495 жылдар аралығы деп көрсетіледі.
Ол Әбілхайырдан Сүйініш және Кішкене деген екі ұл табады. Рәбия Сұлтан бегім дүниеден қайтқан соң, ханның сарайы мен өзінің баласы Сүйініш хан анасына арнап, күмбез салдырады. Бұл күмбез Қожа Ахмет Яссауи ғимаратының оңтүстік шығысында орналасқан. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні құлап қалуы мүмкін деген» сылтаумен қиратқан екен. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Құлпытасында мынадай жазу жазылған: «бұл – құдыретті ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганың қызын, ақсүйек (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері».
05 қазан 2018 ж. 1 074 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области