Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАКЕДОНИЯ ЕЛДІҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗБЕК

МАКЕДОНИЯ ЕЛДІҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗБЕК


    Македония елдің атын өзгертуді референдум арқылы шешуді көздеп отыр. Сөйтіп 1991 жылдан бері Грекиямен жалғасып келе жатқан дауға нүкте қоймақшы. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Зоран Заев мәлімдеді.
    Бірақ үкімет басшысы ресми Афинамен де келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал екі елдің арасындағы дауға Грекияда осы аттас аймақтың болуы себеп. Сондықтан ресми Афина Македониядан млекеттің атын өзгертуді талап етіп, оның Еуроодақ пен НАТО-ға мүше болуына кедергі келтіріп отыр. 1993 жылы да Грекия бұл мемлекетті БҰҰ-ға «Бұрынғы югославиялық Македония республикасы» деп қабылдануына қол жеткізген еді. Бірақ әзірге ресми Скопьенің халық талқысына қандай жаңа ат ұсынғалы отырғаны белгісіз. Бұған дейін ақпарат құралдарында грек билігінің Македония үкіметінен елді «Вардари» деп атауды ұсынғаны туралы айтылған. Бірақ Скопье оны қабылдамай тастаған еді.
    24.kz


22 қаңтар 2018 ж. 649 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области