ФИДЕЛЬ КАСТРОНЫҢ ҰЛЫ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ
47 жыл бойы мемлекетті басқарған Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастроның үлкен ұлы Анхель Кастро Диас-Баларт 68 жасында бақилық болды деп жазды Prensa Latina ақпарат агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, ол өз-өзіне қол салған. Бірнеше ай бойы ауруханада жатып емделген Анхель Кастро ақыры дертіне ем таппаған көрінеді. Психологиялық тұрғыдан ауыр күйзеліске ұшыраған ғалым ақыры өз-өзіне келе алмай өмірден өтті. Бірақ оның жүйкесіне не салмақ түсті, ол жағы нақты айтылған жоқ.
Кубаның мемлекеттің БАҚ өкілдері хабарлағандай, Диас-Баларт соңғы уақытта дәрігерлерге жиі көрініп, өзінің күйзелісте жүргенін айтқан екен. Ал, 2 ақпан күні таңертең ол өзіне қол салған. Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырды.
Орыс тілін өте жетік білетін Анхель Кастро Диас-Баларт 1974 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Ядролық зерттеу институтында ядролық физика тақырыбына қатысты кандидаттық диссертация қорғады. Курчатов атындағы Атом энергетикасы институтында жұмыс істеді.
Ядролық физика саласының ғалымы 11 кітап пен 150 ғылыми мақаланың авторы. Ол көзі тірісінде энергетика технологиясы, ғылымдардың өзара байланысы және қоршаған ортаға әсерін зерттеді.