Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СҰРАҒАН ЕДІҢ БІР ТУҒАН...

СҰРАҒАН ЕДІҢ БІР ТУҒАН...


    «Сырға келіп жыршымын деме» деген тәмсіл сөздің ұдайы айтылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, сөз маржанын сүзгіден өткізіп, мақам сөздің мәйегін тыңдарманның құлағына әуелетіп жеткізе білетін Сыр сүлейлері бұл өңірде көптеп саналған. Сол сүлейлердің сарқытындай болған кешегі Жаңаберген, Жаппарберді, Дәріқұл жыраулардың ізін жалғаушы Бекұзақ, Сұраған сынды жыр саңлақтарының саз-мақамдары әлі күнге жыр сүйер қауымның жадынан өшірілген жоқ. Солардың арасында өзіндік орны бар, айтқан жырды әуелете орындайтын, жұрт сұрап тыңдайтын, Сыр сүлейлерінің бірі-Сұраған Мырзаев еді. Ол да Сыр топырағында түлеп, аққан жұлдыздай жарқ етіп өмірден өтті. Өмірден ерте кетсе де, артына өшпестей із қалдырған.
    Көпке мәлім, бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында елімізде көптеген рухани шаралар ұйымдастырылуда.Осы орайда, күні кеше, Арал ауданының перзенті Сұраған Мырзаевтың 60 жылдығына орай Шижаға елді мекенінде ауданаралық термешілер сайысы өткен болатын. «Сұраған едің бір туған...» атты аудандық жыршы-термешілер байқауына барлығы 10 жыршы-термешілер қатысып, өзара бақ сынасты.
    Аталған ауқымды шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев, Сұраған Мырзаевтың туған інісі Бауыржан Мырзаевтар арнайы қатысып, ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары, марқұм Сұрағанның өмір жолына аз-кем тоқталды. Мұнан соң, жыраудың үзеңгілес досы О.Нұрмаханов досының өмірінен ескі болса да естелік сыр шертті.
    Байқау қорытындысына бас жүлдені шижағалық Н. Бершімбаев қанжығаға байлады. І орын Ескіұрадан келген А.Қойбағаровқа бұйырса, ІІ орын А.Сүйеуова мен Р.Рысбекұлына берілді. Ал, жүлделі ІІІ орын Д.Шораев, Қ.Ешмағанбетов және «Жақсан жырау» атындағы жыр-терме үйірмесінің жетекшісі А.Жоламановққа бұйырды. Байқауға қатысқан өзге жыршылыр да жүлдеден құр қалмады.
    Айта кетейік, С.Мырзаев 1957 жылдың 17 қаңтарында Аралқұм елді мекенінде дүниеге келген. Қаладағы №15 мектептің түлегі. 1980 жылдары «Арал» кеңшарында клуб меңгерушісі болды. Жетісай мәдени ағарту училищесін бітірген ол, Қазанғап ұлт аспаптар оркестрінің мүшесі болды. Қысқа ғұмырында қос ішекті домбыраны өзіне серік еткен жырау бірнеше мәрте облыстық, республикалық жыршы-термешілер байқауына қатысып, жүлдегер атанған. Кейінгі жылдары Шижаға өнер мектебінде терме класынан дәріс беріп, өмірінің соңына дейін шәкірт тәрбиелеумен айналысқан С. Мырзаев, небәрі 36 жасында дүние салды.





15 желтоқсан 2017 ж. 1 066 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области