Арал теңізін 7 жылда қалпына келтірмекші
Өзбекстанда Арал теңізін қалпына келтіретін жасанды жаңбыр технологиясы әзірленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агентігі Kun.uz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жүйе жасанды бұлтты жасап шығарады. Одан химиялық қоспасы жоқ жасанды жаңбыр жауады. Мамандардың айтуынша, бұл технология арқылы теңізді қайта қалпына келтіру 5-7 жылға дейін созылуы мүмкін.
«Біз 60-жылдары болған су деңгейін қайтарамыз. Әлемде мұндай технологиялар аз. Біздің технология жаңашыл, мобильді және өзімізде жасалады. Бұл жүйе атмосфераға әсер етудің толық спектрін қамтиды, ең бастысы - Арал теңізіндегі теңгерімді қайтарады», дейді жоба авторы Олимжан Юсупов.
Бір эксперименттік жүйенің өзіндік құны 800 млн. сомға бағаланып отыр. Бұл шетелдік аналогтардан бірнеше есе арзан. Аралды қалпына келтірілуі үшін мұндай эксперименттік жүйенің төртеуі қажет.
«Техникалық тұрғыдан алғанда бәрі дайын. 2019 жылдың сәуір айынан бастап біз эксперименттік жүйені іске қосамыз. Ол Мойнаққа жақындай түседі. Нақты деректерді сынақтық кезеңде анықтайтын боламыз. Көңілге қонымды нәтижелерге қол жеткізген кезде ылғалдылық қажет басқа аумақтар туралы жұмыс жасайтын боламыз», - дейді Олимжан Юсупов.
Оның айтуынша, бұл технологияның көптеген қосымшалары бар. Бұл жасанды бұлт жасау ғана емес, сонымен қатар тұздардың, зиянды металдардың климатын тазартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жүйе ауа ылғалдатқышты да қамтиды. Әуежайлар бұл технологияны тұманды тарату үшін пайдалана алады екен.
«Мен жаңбырдың қозғалуына қызығушылық білдірдім. Бұл арқылы микроклиматты қалпына келтіру оңай болады. Енді біз барлық жерді мұқият зерттеп, барлық мәселелерді шешуге тиіспіз. Қорқудың қажеті жоқ, керісінше жұмыс істеу керек. Егер қажет болса басқа да ғалымдарды жобамен жұмыс жасауға шақырамыз», - дейді Өзбекстан Президентінің жанындағы Арал халықаралық инновациялық орталығының директоры Нұрлыбек Мырзамұратов.