Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық оқиға болды: Елбасының сөзін бөлген кім? (ВИДЕО)
Kyzylorda-news.kz. «Astana club-тың» пленарлық мәжілісі кезінде күтпеген жағдай болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті сөйлеп жатқанда Назарбаев орталығының төбесіндегі қар төмен қарай сырғып түсті. Шыны күмбездің астында отырған халықаралық сарапшылар бас кезінде не болғанын түсінбей қалды. Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты жайында айтып жатқан. Ал сырғып жатқан қардың алғашқы дауысын естігенде бірден оның себебін түсіндіруге кірісті.
«Бұны Норман Фостердің жобасы бойынша әдейі солай салды. Шыны қызғанда қар төмен қарай кетеді (күлді)... Сондықтан біз өз саясатымызды өзгертпейміз. Ол көпвекторлы болып қала береді», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.
Осы кезде төбедегі қар тағы төмен қарай сырғыды. Бірақ осы жолы оның көлемі көп болды. Залдың іші одан да қатты жаңғырып кетті. Ал залдағылар үн-түнсіз қалды.
«Бұл қалыпты жағдай...Рақмет», - деді Назарбаев.
Айта кетейік, 9 қараша күні астанада қар толастамай жауды. Артынан аяз түсті. Бүгін күн біршама жылынды.