Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халық сенімі – халық таңдауы

Халық сенімі – халық таңдауы


Қай мемлекеттің де болашағы – сол елді басқаратын адамның сыртқы, ішкі саясаттағы ұстанымымен, әлем елдері алдындағы, халықаралық ұйымдар арасындағы биік беделімен байланысты.
Осыны ескерсек, еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда қазақстандықтар дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өйткені, Қазақстан Республикасының жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық таңдауына лайық тұлға.
Сайлауда жеті үміткердің ішінен 70,96 пайыз дауыс басымдығымен айқын жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекет басқаруда мол тәжірибесі бар.
Жоғары лауазымды қызметтердің барлық сатыларынан өткен сарабдал саясаткер, елшілік қызметтер атқарған жылдары да өзге елдермен арадағы дипломатиялық қарым қатынастарды реттеп, мәмілегерлігімен халық сенімінен шықты.
Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келешекке жасалған жоспарларын жалғастырып, мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады деп сенемін.
Халық – Құдайдың бір аты. Ендеше, халық таңдауы – еліміздің мүддесіне қызмет жасайды.

Кенжеғара СҮЛЕЙМЕНОВ,
Жалағаш аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.
11 маусым 2019 ж. 774 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области