Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АДАМИ КАПИТАЛ – ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

АДАМИ КАПИТАЛ – ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ


        Біз төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделе аламыз ба, Елбасының Жолдауы бүгінгі қоғам талабымен қалай үйлесім табады деген сауалдарға нақты жауап  беруде «Мемлекет маған не береді деп емес, мен  мемлекет үшін не бере аламын» деген  АҚШ  президенті  Дж. Кеннеди  тарихи сөзі  еске түседі. Адамзаттың өткені мен бүгінгі болашаққа  жарқын қадамы  сонау  18 ғасырдан бастау алатын өнеркәсіп төңкерістері нәтижесі екендігіне көзіміз жетіп отыр.
      «Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді», сондықтан бірыңғай табиғи ресурстарға емес төртінші өнеркәсіп төңкерісінің ғылымдағы жетістігін адами  ресурстар  есебінен жүзеге  асыру міндеті басты межеміз болып табылады. Осы орайда Елбасы он міндетті өз Жолдауында ұсынып отыруы жаһандану  дәуіріндегі дамыған 30 елдің қатарына  қосылуымыздың  басты  ұстанымдары болып  отыр.
    Білім саласында қызмет ететіндіктен мен үшін жетінші міндеттің орыны ерекше. Адами капитал – жаңғыру негізі. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу еліміздің білім кеңістігінің әлемдік интеграциялануына кең жол ашады. Ұстаздардың  жаңартылған білім беретін бөлігінің жалақысының 30 пайызға артуы, біліктілік санаты бойынша екінші, бірінші, жоғары санатқа  педагогиклық өтіліне қарамай  тестілеу негізінде санаттарын көтеруге мүмкіндік берілуі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатарын арттыра түсетіндігі қуантады. Ал шебер-педагог санаты ағылшын тілін  меңгеруді талап ететіндігі үш тұғырлы тіл саясатының  жүзеге асуының жарқын көрінісі  болып табылады.
    Төртінші өнеркәсіптік революция  бастауы – адами капитал сондықтан білім қашанда қоғамды алға жетелеуші күш бола алады. Ғылыми дамуға кең жол ашқанда ғана, қазіргі жаһандану дәуірінде балалардың ерте дамуы өз бетінше оқуы жеке тұлғалық болмысын жаңа сатыға көтерді. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу еліміздің білім кеңістігінің әлемдік интеграциялануына кең жол ашады. Мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрларға деген әлеуметтік сұраныс педагогтарды  оқыту мен олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарауды талап етуде.  ХХІ ғасырда Қазақстандық оқушы  дүние танымы гуманитарлық бағыттан бұрын математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын арттыруды уақыт талабынан қажет етуіне орай өзгереді. Біз сапалы білім беру  негізінде  «Батыстық технология, шығыстық дәстүрді» берік  ұстаған жапондардың жаңа технологиялар саласындағы зор жетістіктерін үлгіден гөрі қаракетке айналдыруымыз керек. Еліміздің барлық өңірлерінде оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, зертханалар және 3Д принтерлерді барлық қажетті инфрақұрылымдары бар технопарктерін құру жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Елбасының қазақ тілін әлемдік тілдер қатарына көтеруді және латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін аяқтауды тапсыруы заман ағымы мен геоэкономикалық мүддеден де туындап отыр. Нағыз азаматтық қоғам құруда қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін боламыз. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Себебі қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.  Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын ғаламторда орналастыру арқылы  барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашылады. Сандық білім беру ресурстарын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту талабы іске асырамыз.«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруда жергілікті кәсіпкерлер тобын тарту арқылы индустрияландыру үдерісін төртінші өнеркәсіптік төңкерісімен ұштастыру Қазақ елінің айбынын асқақтата түседі. Табиғи ресурстарды өндірудің  екпінінде кетпей металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және ІТ технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орындарындағы ғылымды дамытып, жаңа деңгейге көтеру керек. Отанымыздың тыныштығы мен кәсіпкерліктің дамуына кең мүмкіндіктер мен  заңнамалық тұрғыда қорған болған мемлекетте ғылымның көтерілуіне  жеке сектор тарапынан бірлескен қаржыландыруға кең жол ашылып келеді. Сондықтан жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлу «Ақыл-ойдың» шетелге ағылуына тосқауыл болары сөзсіз. Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономика, саясат, санамызды жаңғырту жүзеге асуда. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылады.  Сыр өңірі  жаңа заманға сай болу үшін бас қаламыз Қызылорда  200 жылдығына орай біз қала ұстаздары барлық бағытта  алда болып, Елбасы Жолдауындағы он міндетті орындау жолында аянбай еңбек етеміз. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған облысымыз  еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда жұлдызы жарқырай түсуі  өз қолымызда екенін ұмытпауымыз қажет.
    Ақарыс НҰРСЕЙІТОВ,
    Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы

22 ақпан 2018 ж. 1 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области