Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМЕК БАТЫР

МӘМЕК БАТЫР


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, Бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деп атап өтеді.
Есімі ескірмей ел есінде қалан жанның бірі – Мәмек батыр. Оның әкесі Нияз да ел шебін қорғаған. Нияз батырдың Мәмек, Қазы, Әлшен, Сырғақ атты балалары болған. Мәмек пен Сырғақ бір рулы елдің батырлары екен. Олардың батырлығы елге жайылып, ел шетіне сырттан ешкім басып кіре алмаған. Бес қаруын асынған Мәмек батыр ерен күшімен, батырлығымен қалмақтарға тойтарыс берген. Батырдың дене бітімі де үлкен екен. Мәмектің бел баласы Тайлақ та батыр болған. Тайлақ батыр – Бөгенбай, Саурық батырлармен тізе қосып, ел мен жерді қорғаған. Тайлақ батыр есімі Ә.Әлімжановтың «Жаушы» романында аталса, шығарма желісімен түсірілген көркем фильмде бейнесі сомдалған. Бірде Мәмек батыр киіз үйде демалып жатқанда, ел шетіне жау тиіскен. Асығыс атқа қонған Мәмек батыр қазандағы қайнап тұрған «быламықты» ат үстінен бірден көтеріп, ішіп жібереді деген де сөз бар. Мәмек батырдың атақ-даңқына қызыққан қырғыз елі оның ұрпағын қолға түсіруге әрекет жасайды. Батыр бір үлкен жиынға кеткенде қырғыз жауынгерлері Мәмек ауылына тұтқиылдан тиісіп, Сара атты жүкті әйелін және қаншама малын айдап әкетеді. Қайта оралған Мәмек елдің жағдайын көріп, қаһарына мініп атқа қонады. Қанша әрекет жасағанымен және жасының ұлғаюына байланысты әйелін қайтарып ала алмаған. Аңыз сөзі осылай дейді.
Қазіргі кезде сол Сара әжеміздің ішінде кеткен баласынан өсіп-өніп отырған қырғыз елінде бір қауым «Мәмек» руы бар екен. Әр ру батырларының белгі-мөр таңбалары болады. Сол мөр таңбасы осы күнге дейін атадан балаға ауысып, қазір Мәмек батырдың ұрпағы Әшірбай Ақтанұлында сақтаулы. Бұдан біршама уақыт бұрын Мәмек батырдың көк байрағы (туы) және қайқы қылышы болады. 1937-1938 аласапыран жылдары қазіргі Жаңақорған ауданы №26 разъезд жанындағы «Тайпақкөл» жағалауында жайғасқан Мәмек батыр ұрпақтары – Сұлтан Жолдыбайұлы, Бүркітбай баласы Мақан және Берістем жер кепенің бір қабырғасын ойып, үлкен сандыққа көк байрақты, қылышты және көптеген құран кітаптарды салып, сандықты құрым киізбен орап көмген екен. Отыз жылдан соң, яғни 1967-1968 жылдары осы жер-ау деп қаздырған. Ол жер егістік болып кеткен. Қанша әуреленсе де таба алмайды.
Шиелі ауданында Жөлек елді мекенінен 6-7 шақырым жерде «Мәмек батыр» қыстауы деп аталатын жер бар екен.
«Мәмек» қыстауы жайында Жөлек ауылының тұрғыны, соғыс ардагері Алиакбар Әбдірейімовпен кездестік. Ол кісі Жөлек ауылының байырғы тұрғыны екен. Мәмектің кім екенін анық айтып бере алмады. Үлкен ауыл болып, баз болған, соңында тұрғындар Жөлекке қоныс аударып, мал фермасы болып ұйымдасқан. Қазіргі кезде ол жерде ешбір үй жоқтың қасы.
Сол тұста 93 жастағы еңбек ардагері Жаппар Пірманов қариямен кездесіп, «Мәмек» қыстауы жайында әңгімелестік. Қария үлкендерден естігенін шамасы жеткенше айтып берді. Қатты науқастанып жатыр екен. Ол кісі көп ойланып: «Мен осы «Мәмек» қыстауында өсіп-өнгенмін. Үлкендердің айтуынша, Мәмек батыр қол бастап қалмақтармен соғысып, осы жерге бір жаз (4-5 ай қоныстанған) болып, жауды қайтарған деуші еді. Сол жерде өте биік «Ақтөбе» деген төбе болатын, әлі де бар. Ақтөбенің батыс жағында қалмақтардың қорғаны болыпты. Олардың қолы көп екен. Ал, Мәмектің сарбаздары аз болған көрінеді. Қорғанның қалың болғандығы сонша, ат арба жүретін дейтін. Мәмек Ақтөбе басынан 30 шақты сарбаздарын олай-бұлай жүргізіп, қалмақтарға көз етеді. Қалмақтар қазақтардың сарбаздары көбейіп барады деп кейінге шегініп, қорғанды тастап кетеді. Сөйтіп қалмақтар жеңіліске ұшыраған дейтін. Сол Ақтөбе қорғанының белгілері әлі де бар».
Мәмек батыр жөнінде көнекөз қариялардан естіп, білгеніміз әзірге осы. Әлі де болса іздестіріп, тарихи шежірелерді көрсе, көптеген мағлұматтар шығуы мүмкін. Батыр жайында қазір аудандық, облыстық газет беттерінде мақалалар жарияланып жатыр және іздестірілуде.

Серікбай СҰЛТАНОВ,
ардагер ұстаз.
27 мамыр 2018 ж. 786 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области