Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ»

«ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ»


Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұсынылған «Туған жер» бағдарламасын аймағымызда жүзеге асырып жүрген азаматтар аз емес. Олар кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына сүйіспеншілікпен қарап, азаматтықтың пен патриоттықтың үлгісін көрсетіп келеді.
Аңызда, қисса-дастандарда айтылатын Атымтай жомарт сияқты адамдар қазақ халқының арасында көптеп саналған. Осындай жақсы аты жан-жаққа тараған асыл азаматтың бірі – кәсіпкер Бекқали Бекбауылов.
«Қазалының Атымтай жомарты» атанған Бекқали Бекбауылов – аталған ауданның құрметті азаматы, Қазалы аудандық мәслихатының депутаты. Өмірде де, қоғамдық жұмыстарда да абыройға бөленген, көптің алғысын арқалаған азамат. 
Оның туған жері – «Ұялы» елді мекеніне барып, сол жерге Ақтаудың ақ тасынан ескерткіш-белгі қоюы көп адамның көңілін толқытты. Онда мынандай жазу бар еді: «Бұл жерде «Ұялы» атты елді мекен болған!». Қандай өнегелі іс! Сүйсінесің. Риза боласың.
Көңілге медеу болатын жайт Қазалы ауданының №14 Қожабақы сайлау округінің жұртшылығы үлкен сенім білдіріп, сайлауалды бағдарламасы қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты істе орындалуда.
Қазалы ауданының №14 Қожабақы сайлау округіне қарасты Қожабақы, Бірлік, Өркендеу ауылдарындағы көшелер асфальтталып, жарықтандырылды. 
Өркендеу ауылы тірек ауылы болып бекітіліп, облыстық бюджеттен 151 млн. теңге бөлінді.
Өркендеу, Қожабақы ауылдарындағы клубтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірлік ауылындағы №102 мектеп жаңадан салынды. Қожабақы мен Аранды, Қожабақы мен Бозкөл ауылдарының аралығына жол салынды. Осы жасалған игі істердің басында жүріп, ұйытқысы бола білді. 
Қазалы аудандық ақсақалдар алқасының бір топ ардагерлері Қорқыт баба кесенесі мен Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барып, бабаларға бас иіп, құран бағыштауды көптен жоспарлап жүреді екен. Тағылымды шараны қолдағандардың бірі Бекқали Бекбауылов болды. 
– Қазалы аудандық балалар музыка мектебіне шеберлік сыныптарын өткізуде қаржылай демеушілік жасаған. 
-«Бірлік» ауылында «Рамберді ишан» мешітін салдырды. 
-«Шұғыла» балабақшасының ауласынан балаларға арналған көлемі 20х30 метрлік шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. 
«Қазалы-Жолаушы» кәсіпорнын өзі өмірге әкеліп, аяғынан тік тұрғызды.
Қазіргі таңда жемісті еңбек етуде. 
Жаңа үлгідегі «Нұршуақ» автобекетін ашып, халыққа қалтқысыз қызмет еткізуде. 
Халыққа көрсетіп отырған Қамқоршылығы, демеушілігі, жанашырлығы арқасында «Қазалының Атымтай жомарты» атанды. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде аймақтық қоғамдық-саяси өміріне білек түре араласып жүр. 
Б.Бекбауылов Қазалы аудан халқына қамқоршыл, жанашыр азамат ретінде де белгілі. Әлеуметтік жағынан төмен отбасыларына, мүгедек жандарға, ардагерлерге ұдайы көмек көрсетіп келеді. Осындай қамқорлығының, азаматтығының арқасында сан рет «Жыл меценаты» деген құрметті атаққа ие болды. 
Қазалы ауданына ерекше еңбегі сіңген Бекқали Бекбауылов - қандай да болса сый-құрметке лайықты жан.
Назгүл ӨТЕУЛИЕВА,
Қазалы ауданы
07 маусым 2018 ж. 993 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области